Полицейлер 36 жастағы қала тұрғынынан 300 грамнан астам түрлі есірткі тәркіледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. 36 жастағы әйел адам облыстық прокуратураның үйлестіруімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұсталды. Ол интернет-дүкендердің бірінде синтетикалық есірткіні буып-түюмен және таратумен айналысқан деген күдікке ілінді. Тұрғылықты жерін тінту кезінде 2 полимерлі ыдыс және сатуға дайындалған ішінде кесек тәрізді заттары бар 109 полимерлік түйіншек, электрондық таразылар және басқа да құрал-жабдықтар тәркіленді. «Ұсталған әйел қазіргі уақытта қамауда. Аталған факті ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Баптың санкциясына сәйкес, күдікті 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – деді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-
Петропавлдық келіншектен 300 грамнан астам есірткі тәркіленді
4 апреля 20234 апр 2023
~1 мин