ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі қазақы ит тұқымдары – тазы мен төбеттің стандарттарын бекітті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. Стандарт аталған ит тұқымдарының сипаттамасын, өлшемдерін, кемшіліктері мен ақауларын қамтиды. Мәселен, қазақы тазының бойы орта және ортадан жоғары, мықты денесі бар арықтау ит, созылу индексі – 103. Төбет шоқтығының биіктігі 60 сантиметрден 70 сантиметрге дейін, қаншықтың шоқтығы – 55 сантиметрден 65 сантиметрге дейін. Бойының жоғарғы шектен асып кетуі пропорция және стандарттың талаптары сақталған жағдайда ақаулық немесе кемістік болып саналмайды. Өңі: қара, ақ, түрлі реңкті ақшыл сарғыш, қызыл және сұрдың барлық реңктері. Барлық өңдер тұтас, одан бөлек теңбіл болуы мүмкін. Тұмсығында, құлағында, аяқтарының ұштарында қара дақтар болуы мүмкін. Күшіктер өсу, жыныстық жетілу барысында түсін және реңін өзгертуі мүмкін. Жүні жұмсақ, жібек тәрізді, тік, ұзындығы 4,5 сантиметрге (қыста) және 2,5 сантиметрге дейін (ж