Облыс орталығының дәрігерлері жүрегі 18 минутқа тоқтаған нәзікжандының өмірін ажалдан аралашалап қалды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Ақ халаттылардың мәліметінше, 54 жастағы тұрғын тыныс демікпесімен ауырады. Осының салдарынан тұншығып, жедел жәрдем қызметі жеткенше, 18 минутқа жүрегі тоқтап қалған. Қан айналымы мен тыныс алуы дұрыс болмағандықтан, қайта тірілтіп алу қиынға соққан. Дәрігерлер дефибрилляторды 4 рет қолданған.
Петропавлдық дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған әйелді аман алып қалды
4 апреля 20234 апр 2023
~1 мин