Жыл басынан бері қала тұрғындары «102» мобильді қосымшасына 38 рет хабарласып, шағымданған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Петропавлдықтар негізінен автокөліктердің дұрыс қойылмауына наразылық танытып, полицейлерге жүгінген. Мәселен, 19 жастағы жүргізуші өзінің «Lexus» автокөлігін Бостандық көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағына қойып кеткен. «102» қосымшасына келіп түскен хабарлама бойынша ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алтынсарин көшесіндегі тротуарда тұрған «Nissan» автокөлігі мен Интернационал көшесіндегі ойын алаңында қалдырған «Lada» автокөлігінің иесіне де шара қолданылды.