СҚО тұрғыны Александр Рожков оннан астам құстың түрін өсіреді. Қызылжар ауданы Архангельское елді мекенінде тұратын ер адамның қорасында тауыс, қырғауыл мен көгершіндердің түр-түрін көруге болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Александр Рожков 12 жыл бұрын физика пәнінің мұғалімі кәсібін сүйікті ісіне айырбастаған. Солтүстікқазақстандық қанаттылардың қыр-сырын бес саусақтай біледі. Күтімі келіскендіктен Отаны Африка мен Оңтүстік Азия елдері саналатын тауыстар Қызылжардың қытымыр табиғатына тез үйреніскен. Тіпті жұмыртқа салып, ұя басады. Бүгіндері Александрдың коллекциясында қырғауылдың бірнеше түрі бар. Ең арзанын 10, ең қымбатын 250 мың теңгеге сатып алған. Сауданы көбіне интернет арқылы жасайтынын айтады. Ал құстарға арналған торларды өзі істейді. «Коллекциямдағы ерекше құстардың бірі – құлақты көк қырғауыл. Ол басқа құс сияқты агрессия танытпайды. Жеміс, көкөніс қалдықтарын жақсы көреді. Қыста тоңбайды. Құстарды өсіру үшін көп білім керек. Үнемі түрлі әдебиеттер оқимын