Найти тему
Qazaqstan Media

Болашақ дәрігерлердің шәкіртақысы жыл сайын көбеймек

Биылдан бастап резидентураға бөлінетін гранттар тағы 70%-ға ұлғайтылады. Жоғары оқу орындарында оқып жүрген жастардың стипендиясы жыл сайын 15-20%-ға өсіп отырмақ. Мұндай жаңалықтарды еліміздің Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында баяндады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ажар Ғиният медицина мамандығының беделін арттыру аясында біршама іс-шара іске асырылып жатқанын айтты. Мәселен, осы жылдан бастап үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламаларын енгізу көзделген. Сондай-ақ, студенттердің шәкіртақысын арттыру жоспарланып отыр. Дәрігерлердің еңбекақысы 30, орта медицина қызметкерлерінікі 20%-ға өспек. Алдағы уақытта ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмек те ерекше назарға алынады.

«Ауылдық жeрде денсаулық сақтауды жаңғырту жұмыстары бойынша бекітілген Ұлттық жоба шеңберінде 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек oбъектісін салу, сондай-ақ жaрaқтандыру, күрдeлі жөндeу, реконструкциялау жолымен 32 көпбейінді аудандық орталық аурухананы жaңғырту көзделеді. Бұл өз кезегінде ауыл тұрғындaры үшiн медициналық көмектің қoлжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкiндік беpеді», – деді Ажар Ғиният.