Найти в Дзене
Qazaqstan Media

Диқандар үшін дизель отынының құны өспейді

Энергетика министрлігі фермерлер үшін дизель отынының бағасы сол қалпында қалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Министрліктің хабарлауынша, дизель отыны МӨЗ қақпасынан 1 тонна үшін 222 мың теңге, 1 литр үшін 184 теңге немесе ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің операторларының шығыстарын ескере отырып, орта есеппен 1 литр үшін 204 теңгеден сатылады. Көктемгі дала жұмыстарына 413 мың тонна бекітілді. Ол диқандарға басым тәртіппен тиеп-жөнелтілетін болады. Мәселен, ақпан айында 82,1 мың тоннаның 77,4 тоннасы, наурызда 102,2 мың тоннаның 78,4 тоннасы жеткізілді. Басты ескерер жайт өтінімдер, төлем және вагон-цистерналар уақтылы беріліп отыруы тиіс.