Петропавлда кәмелетке толмаған қыздарды жұмысқа орналастыруға көмектесемін деп, арам ойын іске асырған Ақмола облысының тұрғыны құрықталды. Ол адам саудасына әлеуметтік желі арқылы тұрмысы нашар, толық емес отбасыдан шыққан жас қыздарды тартқан, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. «Петропавл қаласында адам саудасымен және оларды пайдаланумен айналысқан Ақмола облысының тумасы ұсталды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктінің интернет және әлеуметтік желілер арқылы материалдық жағдайы ауыр қыздарды, оның ішінде қолайсыз және толық емес отбасылардан шыққан кәмелетке толмағандарды іздеумен айналысқаны анықталды», – деді ҚР Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов. Күдікті қыздардың сеніміне кіріп, жұмыс іздеуге көмектесетінін айтып Петропавлға шақырған. «Қыздар келгеннен кейін оларға психологиялық қысым жасап, қорқытып және физикалық зорлық-зомбылық көрсетіп, жыныстық қанау мен саудаға пайдаланған. Аталған схема бойынша күдікті Қост
Петропавлда адам саудасымен айналысқан Ақмола облысының тұрғыны ұсталды
3 апреля 20233 апр 2023
1 мин