Облыс әкімі Айдарбек Сапаров жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Өңір басшысының қабылдауына келгендер жеке мәселелерін айтып, сауалдарын жолдады. Айдарбек Сапаров әр мәселенің назарда болатынын айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Есіл ауданының тұрғыны Алмагүл Қожахметова ауыл шаруашылығымен айналысады. Келіншектің шаруашылығында 135 бас ірі қара мал бар. Бұдан бөлек, 119 гектар жер және 50 гектар шабындық алқабы бар. Былтыр қосымша 50 гектар жайылым жер алу үшін әйел конкурсқа қатысқан. Алайда, құжаттары дұрыс болмай жер ала алмаған. “Құжаттардың барлығын жинадым. Бизнес-жоспар да құрдым. «Атамекен-Агроға» да барып, көмек сұрадым. Анам екеуміз күнде 185 литр сүт сауып, тапсырамыз. Малды күтіп, баптаймыз. Өкінішке орай, конкурстан өтпей қалдым”,-дейді Есіл ауданының тұрғыны Алмагүл Қожахметова. Айдарбек Сапаров мәселені шешу үшін бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетовке және аудан әкіміне бірқатар тапсырма берді. Келесі болып облыс әкімінің қабылдау