Найти тему
Qazaqstan Media

Елімізде әлеуметтік төлемдердің мөлшері артады

Елімізде еңбекке жарамсыз болып қалу және асыраушысынан айырылуға байланысты төленетін жәрдемақы мөлшері 14,5 пайызға артады. Өзгеріс Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі дайындаған «2023 жылғы 1 шілдеден бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін ұлғайту туралы» үкімет қаулысының жобасына сәйкес орын алады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«2023 жылғы 1 шілдеге дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтік төлемдердiң мөлшерiн 2023 жылғы 1 шілдеден бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 14,5 пайызға арттыру жүргізілсін», – делінген құжат жобасында.

Қаулы жобасы 14 сәуірге дейін «Ашық НҚА» сайтында қоғамдық талқылаудан өтеді.

С подпиской рекламы не будет

Подключите Дзен Про за 159 ₽ в месяц