Потанин көшесінде «Lada Kalina» автокөлігі мен скутер соқтығысты. Белгілі болғандай, алғашқысы қос дөңгелекті көлікке жол бермеген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
«Lada Kalina» автомобилі көлік тұрағынан шыға бергенде келе жатқан скутерге жол бермей, апатты жағдай туғызды. Салдарынан, скутер жүргізушісі медициналық көмекке жүгінген. Ал темір тұлпар иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 606-бабы бойынша хаттама толтырылды. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды.
«Тәжірибеге сүйенсек, скутер тізгіндеген азаматтар жолда жүру ережелерін жиі бұзады. Көліктің бұл түріне 16 жасқа толғандар отыра алады. Ол үшін жүргізуші куәлігінің қажеті жоқ. Алайда, тиісті ережелерді толықтай меңгеріп, барынша сақтаулары тиіс», – деді қалалық ПБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Рүстем Тасболатов.