СҚО-да 6 күн ішінде 28 мас жүргізуші анықталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Наурыздың 25-30 аралығында облыс аумағында жол қауіпсіздігі бойынша күшейтілген рейдтер өткізілді. СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, алты күн ішінде 28 мас жүргізуші анықталды. Тәртіп сақшылары тоқтатқан көлік жүргізушілерінің бірі Петропавлға ауыл шаруашылығы кәсіпорнының Wolkswagen қызметтік автокөлігімен келіп, ішімдік ішкен. Оны полицейлер тоқтатты. Енді ол ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының талаптарына сәйкес, 15 тәулік қамауға алынып, 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылу мүмкін.
“Бұл жұмыс “Мас жүргізуші” жедел алдын алу іс-шарасы аясында жүргізілді. Алты күн ішінде облыс жолдарында түрлі жол қозғалысы ережелерін бұзудың 2335 фактісі анықталды. Оның 302-сі жылдамдықты асыру, маневр жасау ережесін бұзудың 52 фактісі, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өту бойынша 26 дерек анықталды. Бұл бұзушылықтар ЖКО мен ауыр зардаптардың туындау қаупін арттырады. Автокөлік жүргізушілерінен жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз. Жол қауіпсіздігін нығайту жөніндегі жұмыс бұдан әрі де тұрақты негізде жүргізілетін болады, – деді СҚО ПД ЖПҚБ бастығы Айдын Байматов.