Былтыр облыста туберкулезден 14 адам көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингінде СҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Құмар Күсемісов туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты екенін айтты. Өткен жылы 300 мыңнан астам солтүстікқазақстандық флюорографиялық тексерістен өткен. Нәтижесінде, 181 адамның ауруға шалдыққаны белгілі болған. Бүгінде диспансерлік есепте тұрғандардың саны 210-ды құрайды.
«Балалар мен жасөспірімдер арасында ауру жұқтыру көрсеткіші құбылып тұрады. 2022 жылы 18 жасқа дейінгі балалардың ішінде 10 дерек тіркелді. Өкінішке қарай, жаңа туған нәрестелердің туберкулезге қарсы екпе алу қарқыны төмен. Ата-аналар иммундау шарасынан бас тартып жатады. Бұл дертті жұқтыру қаупін көбейтеді», – деді Құмар Күсемісов.