Найти в Дзене
Qazaqstan Media

Сәуір айы жауын-шашынсыз, жылы болмақ

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы жоғарылайды. Солтүстікте сынап бағанасы +7-15 градусқа дейін жетеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Синоптик мамандардың мәліметінше, сәуір айының келуімен күн жылынып, жауын-шашынсыз, ашық болады.

«Тек республиканың батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстары оңтүстік циклонның ықпалында болып, күн құбылып тұрады, найзағай жарқылдап, қатты жауын жауады», – делінген синоптиктер таратқан ақпаратта.

Аққайыңдар өлкесінде күн шуақты болмақ. Ауа температурасы +7-15 градусқа дейін жетеді деген болжам бар.