Найти тему
Qazaqstan Media

СҚО-да үш адам иіс тиіп көз жұмды

Ғ. Мүсірепов ауданы Новоселовка ауылының 3 бірдей тұрғыны иіс тиіп, көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqstan Mediaтілшісі.

Қайғылы оқиға кеше, яғни 6 сәуір күні Ғ.Мүсірепов ауданының Новоселовка елді мекенінде орын алды. СҚО ТЖД мәліметінше, үй иелері пешті ерте жауып, улы газдан иіс тиген. Марқұм болған екі әйелдің бірінің жасы – 57-де, екіншісі 35-те болған. Отағасының жасы – 62 де. Баспанада болған төртінші адам ауыр халде аудандық ауруханаға жеткізілді. Осы ретте құтқарушы мамандар пешті пайдаланғанда барынша сақ болу қажеттігін тағы бір ескертеді.

«Өңірде жылыту маусымы 20 сәуірге дейін созылады. Бірақ ауа райына байланысты жеке үй тұрғындарының маусым айында да пеш жағатын кездері бар. Сондықтан пештің дұрыстығын және мұржасының толып қалмауын үнемі бақылап отырған жөн. Өйткені өрт оқиғаларының 77% – ы осы жеке секторға тиесілі», – деді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Растихин.