Ағымдағы жылы өңірде 9 медициналық нысанның құрылысын бастау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Тайынша көпбейінді ауданаралық ауруханасы күрделі жөндеу көрмек. Облыстағы денсаулық сақтау саласының жоспарлары жайлы аймақтың бас дәрігері Құмар Күсемісов брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Облыста медицина саласының мамандары тапшы. Бүгінде өңірде 157 дәрігер мен 79 орта медицина қызметкері жетіспейді. Оның 48-і ауыл тұрғындарына қажет. Облыс әсіресе, акушер-гинеколог, жалпы тәжірибе дәрігері, анестезиолог-реаниматолог, гастроэнторолог, хирург, педиатр сынды ақ халаттыларға мұқтаж. «Кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін 2023 жылға арналған жоспарымызды бекіттік. Еліміздің қалаларына барып, студенттерді біздің облысқа тарту бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Сонымен қатар, мамандарға төленетін көтермеақылардың мөлшерін ұлғайтпақшымыз», – деді Құмар Күсемісов. Алдағы уақытта елді мекендердегі медициналық нысандардың қатары артпақ. Жоспар «Ауылдық денсаулық сақтауды