Биотоғаннан бөлінетін күкірсутектің мөлшері азайып, хлорелла жасушаларының саны бірнеше жүз мың есеге өсті. Нәтижесінде, су мөлдірленіп, жағымсыз иіс шығаруын тоқтатты. Демек, тұрғындарды мазалаған мәселе әйтеуір шешімін тапты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Еске салсақ, осыдан шамамен 1,5-2 жыл бұрын күн жылына бергенде, қалада қолқаны қабатын иіс шығатын. Бұл уақытта, әсіресе аллергиясы бар жандар қатты қиналатын. Жағдайдың себебі де бірден анықтала қойған жоқ. Тексеріс жұмыстарынан кейін мұның биотоғанға тікелей қатысы бар екені белгілі болды. Содан кейін мамандар су астына хлорелла, яғни микробалдырларды жібере бастады. «2021 жылдың тамыз айында «Судың ғылыми-технологиялық орталығы» «Қызылжар су» серіктестігінің балансындағы биотоғанды тазалау жұмыстарына кірісті. Жобаның жалпы құны 124 млн 606 мың теңгені құрады. Алғашқы жылы 25 млн 878 мың теңгенің шаруасы толықтай тындырылды. Одан кейін 49 млн 95 мың теңге жұмсалды. Ал биылғы жылға 49 млн 632 мың теңге қарастырылған»,