Алматы облысы Жамбыл ауданында жеке аулаларда мал ұстау нормаларын бекіту қажеттілігі туындап отыр. Бұл туралы облыс әкімінің тұрғындармен кездесуі кезінде белгілі болды. Жергілікті шенеуніктер бүгінгі таңда аймақтағы малды жайылыммен қамтамасыз ету үшін екі жүз мың гектарға жуық жер қажет дейді, деп хабарлайды Аgroqogam.kz. Кездесуде аудандағы ауыл шаруашылығының ахуалы талқыланды. Облыста мал басы бойынша бірінші орында тұрған ауданда бүгінде проблемалық мәселелер жоқ емес. Соның негізгісі – мұндағы жалғыз ет өңдеу кәсіпорнының толыққанды жұмыс істемей тұрғаны. Биыл ауданда былтырғы жылмен салыстырғанда ет өндіру 3 пайызға, сүт өндіру 6,5 пайызға азайып кеткені. «Жамбыл ауданында 2022 жылы 1282 шаруа қожалығы жалпы сомасы 3,8 млрд теңге болатын қаражатты қолдау ретінде алған. Ауданда сыйымдылығы 1,5 мың болатын екі көкөніс қоймасы бар. Ол жеткіліксіз, жиналған өнімнің 2,5 пайызын ғана сақтауды қамтамасыз етіп отыр. Пайдаланылмай жатқан 195 мың гектар жер анықталды, оның 25 мың гектар
Алматы облысының бір ғана ауданына 212 мың гектар жайылымдық жер керек
31 марта 202331 мар 2023
~1 мин