Аққайың ауданы Тюменка ауылының тұрғындары біраз жыл бойы жол машақатын тартып келеді. Елді мекенге апарар айналасы 3 шақырым жердің сау тамтығы жоқ, шұрық-тесік. Тұрғындардың айтуынша, ауа райы бұзылса, тіпті биік көліктердің өздері өте алмайды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Елді мекен Тоқшын ауылдық округіне қарайды. Надежда Мищекованың бұл жақта тұрып жатқанына 28 жыл болыпты. Осы уақыт аралығында жол сапасы мүлдем жақсармағанын, керісінше одан әрі ушығып жатқанын жасырмады. «Жолдың сапасы нашар. Жауын-шашын тұрмақ, жай күндері әрі-бері жүру қиынның қиыны. Ауыл әкімінен мәселе қашан шешілетінін сұраған едік: қаржының бөлініп, бірақ ешбір әрекеттің жасалмай жатқандығын айтты. Небәрі 3 шақырым жерді жөндей алмай жатыр. Тюменкаға жету үшін Тоқшын ауылы арқылы өтуге болады. Бірақ, оның да оңып тұрғаны шамалы, қиыршық тас төсеп тастаған, ешкім көлігін бұзғысы келмейді», – дейді Надежда Мищекова. Тұрғындар ауылдан діттеген жерлеріне жету үшін трассаға жаяу шығуға мәжбүр. Езіліп,
Аққайың ауданы Тюменка ауылының тұрғындары жол сапасына наразы
30 марта 202330 мар 2023
1 мин