Найти в Дзене
Qazaqstan Media

Петропавлда «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында 4 мектеп салынады

Алдағы үш жылда Петропавлдың бірнеше ауданында жалпы 3300 орынға шақталған 4 білім ордасы бой көтереді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. «Жайлы мектеп» ұлттық бағдарламасы аясында облыс орталығының «Қапай», «Жас Өркен», «Орман» және «Береке» шағын аудандарында 4 мектеп салынады. Екеуінің құрылысы осы жылы қолға алынады. Жобаны «Samruk-Kazyna Construction» АҚ бірыңғай операторы жүзеге асырады. Солтүстік өңірде аталмыш бағдарламаны іске асыру үшін ел қазынасынан 21 млрд теңге қаржы бөлініп отыр. «Биыл білім саласының бюджеті 25 млрд 6 млн теңгені құрап отыр. Облыс орталығында орналасқан бірқатар мектеп пен балабақшаның материалды-техникалық базасы жаңартылады. Бұдан бөлек, 2023-ші жылы Петропавлда 17 мектеп пен 2 балабақшада күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Шаруаға 649 млн теңге бөлінеді», – деді Петропавл қаласының әкімі Руслан Аңбаев. Сонымен қатар, биыл көпқабатты үйлердің ауласында 20 ойын алаңы және 30 спорттық тренажерлер кешенін орнату жоспарлануда.

Алдағы үш жылда Петропавлдың бірнеше ауданында жалпы 3300 орынға шақталған 4 білім ордасы бой көтереді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Жайлы мектеп» ұлттық бағдарламасы аясында облыс орталығының «Қапай», «Жас Өркен», «Орман» және «Береке» шағын аудандарында 4 мектеп салынады. Екеуінің құрылысы осы жылы қолға алынады. Жобаны «Samruk-Kazyna Construction» АҚ бірыңғай операторы жүзеге асырады. Солтүстік өңірде аталмыш бағдарламаны іске асыру үшін ел қазынасынан 21 млрд теңге қаржы бөлініп отыр.

«Биыл білім саласының бюджеті 25 млрд 6 млн теңгені құрап отыр. Облыс орталығында орналасқан бірқатар мектеп пен балабақшаның материалды-техникалық базасы жаңартылады. Бұдан бөлек, 2023-ші жылы Петропавлда 17 мектеп пен 2 балабақшада күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Шаруаға 649 млн теңге бөлінеді», – деді Петропавл қаласының әкімі Руслан Аңбаев.

Сонымен қатар, биыл көпқабатты үйлердің ауласында 20 ойын алаңы және 30 спорттық тренажерлер кешенін орнату жоспарлануда.