Найти тему
Qazaqstan Media

Елімізге бидайды автомобильмен әкелуге тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанға тұқымдық бидайдан басқа бидайды 6 ай мерзімге автокөлікпен әкелуге тыйым салынуы мүмкін. Мұндай бастамашылықты Ауыл шаруашылығы министрлігі жасады. Нормативтік-құқықтық актінің жобасы жария талқыланып жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, бұған соңғы жылдары бидайдың заңсыз әкелінуінен зардап шеккен қазақстандық астық пен ұн нарығындағы ағымдағы жағдай себеп. Салалық қауымдастықтардың деректері бойынша «сұр» импорттың көлемі жылына 1,5-2 млн тоннаға жетеді, ал мемлекетке келтірілген жалпы шығын жыл сайын 500 млн доллар мөлшерінде бағаланады.

«Нарық қатысушыларынан алынған ақпаратқа сәйкес, контрабандалық астықтың қомақты үлесі автокөлікпен импортталады. Әкелінген бидай ҚҚС төлемей шаруа қожалықтарына және жасырын кері экспорт түрінде рәсімделеді, транзиттік тариф төлемей Ауғанстан мен Орталық Азия елдеріне жіберіледі. Бұл ретте ішкі нарықта бағаның төмендеуі байқалады. Мысалы, 2022 жылдың шілде айының басынан бастап бидайдың құны тоннасына 170-185 мың теңгеден 80-85 мың теңгеге дейін төмендеді», – деп жариялады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.