Жаңа оқу жылынан бастап өңірдің 1-4 сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Мұндай жағымды жаңалықты облыс әкімі Айдарбек Сапаров өзінің Telegram каналында жариялады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Өңір жетекшісі қалдырған жазбада тегін ыстық тамақпен Петропавл қаласы мен облыстың барлық аудандарының бастауыш сынып оқушылары қамтылады деп жазылған.
«Осының арқасында ата-аналар отбасы бюджетін үнемдей алады. Қазір облыста аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары тегін ыстық тамақпен қамтылғанын атап өткім келеді», – деп жазды Айдарбек Сапаров.