Найти в Дзене
Qazaqstan Media

AMANAT партиясы жаңа Үкімет басшысының лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады. Көшбасшы партия жаңа премьер-министрдің лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Еске салсақ, ел Президенті Парламенттің бірлескен отырысында сайлауда жеңіске жеткен партия Үкімет басшысын ұсынуға құқылы екенін айтқан еді.

«Осы ретте саяси жауапкершілік те сол партияға жүктеледі. Бұл тәсіл күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасына сай келеді. Үкімет әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асыруға тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Заңға сәйкес, жуық арада Президент ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың басқа фракцияларымен талқылайды.