Петропавлда гір көтеруден ел чемпионаты өтіп жатыр. Оған Қазақстанның 15 облысы мен Астана қаласынан келген 350-ге жуық спортшы қатысуда, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Гір спортынан ел чемпионаты кеше сағат таңғы 9:00-де басталды. Бүгін доданың екінші кезеңі өтуде. ҚР гір спорты федерациясының вице-президенті Құрманғали Батырбаевтың айтуынша, еліміздің түкпір-түкпірінен келген спортшылар бірінен бірі өтеді, осалы жоқ. Дегенмен, Түркістан, Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облысының қыз-жігіттері ерекше көзге түсуде. «Чемпионатқа 2000-2004 жылғы жастар, одан кейін 2005-2006 жылғы, 2007 және одан жас спортшылар қатысып жатыр. 16 команда, барлығы 350-ге жуық адам бақ сынауда. Кеше серпе көтеру болды, бүгін жұлқа көтеру. Яғни, бір гірді бір қолмен, кейін келесі қолмен көтеру керек. Екі түріне де 10 минуттан беріледі», – дейді ҚР гір спорты федерациясының вице-президенті Құрманғали Батырбаев. Түркістан облысы Шардара қаласынан келген Әсем Серікбай бүгін 6 минут ішінде 24 келілік