«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген Абайдың сөзі бар. Нақ осылай ұстаздықтың ауыр жүгін арқалап, шәкірттерінің жүрегіне жол таба білген мұғалімнің бірі – Жұмабике Мұқанова. Зейнетке шықса да, ұстаздық жұмысынан қол үзбеген ол №2-ші Кішкенекөл орта мектебінде физика пәнінен сабақ береді. Саналы ғұмырының 40 жылын жас ұрпаққа білім беруге арнаған педагогпен Qazaqstan Media тілшісі сұхбаттасты. Жұмабике Мұқанова кішкентайынан физикаға жақын болып өседі. Сондықтан мектепте оқығанда оның сүйікті пәні болған. Тек жиі ұстаздары ауыса берген. Сол кезде Жұмабике Рахметоллақызы өзі де шәкірт тәрбиелеп, ешқашан оқу ошағын алмастырмаймын деп ант су ішкен. Білікті ұстаз уәдесінде тұрды. Ол 40 жылға жуық уақыт №2 Кішкенекөл орта мектебінде мұғалім боп жұмыс істейді. «№2-ші Кішкенекөл орта мектебінде еңбек жолымды бастағаныма осы жылдың қыркүйегінде 40 жыл болады. Осынша уақыт өтсе де, әлі күнге дейін барлық оқушыларымды жақсы танимын. Әсіресе, жолымды қуып физика саласын таңдағандарме
Жұмабике Мұқанова: Жақсы ұстаз болу үшін үнемі білімді жетілдіріп отыру керек
30 марта 202330 мар 2023
1 мин