«Экспромт» халық би театры «Dance Mania» халықаралық хореографиялық байқауында үздік атанды. Солтүстікқазақстандық ұжым 2 гран-при, 6 бірінші және 1 екінші орынды иеленіп келді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Халықаралық хореографиялық конкурс наурыздың 26-сы күні Астана қаласында ұйымдастырылды. Оған Қазақстан, Ресей және Қырғызстан елдерінен келген 60-тан астам би ұжымы қатысқан. Жарыста өңір намысын жергілікті «Экспромт» театрының 8 бен 15 жас аралығындағы 2 тобы қорғады. Нәтижесінде, әр биші қос-қос медаль, дипломмен оралды. «Қыздарымыз жеңіске жету үшін барын салды. Әрине, бойларын қорқыныш пен қобалжу сезімі билегені рас. Дегенмен, мұның бәрін еңсеріп, қаншама топтың ішінен суырылып алға шықты. Жалпы байқауға өткен жылдың қыркүйек айынан бастап тыңғылықты дайындалдық. Театрдың ортаңғы тобы алғаш рет сыртқа шығып, өнерлерін көрсетіп қайтқанын айта кеткім келеді. Соған қарамастан бірден, 4 бірінші орынға ие болып отыр. Бұл – өте жоғары нәтиже», – дейді «Экспромт» халық