Қазақстан Үкіметі жаңадан сайланған Парламент Мәжілісінің алдында өз өкілеттігін тоқтатты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Парламентте сегізінші шақырылымның бірінші сессиясы ашылды.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдындағы өкілеттіктерінің қосылуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін атқарсын», – делінген Президенттің жарлығында.