Найти тему
Qazaqstan Media

СҚО-да жыл басталғалы өрттен 10 адам қаза тапты

Жыл басынан бері облыс аумағында 108 өрт оқиғасы орын алды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға аз. Былтыр 129 факті тіркелген еді. Тілсіз жау 10 солтүстікқазақстандықтың өмірін жалмаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстағы оқыс оқиғалар Төтенше жағдайлар департаментінде өткен брифинг барысында талқыланды. СҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Растихинның баяндауынша, осы жылы өрттен 10 адам қаза тапты. 3 тұрғын түрлі дене жарақатын алды. 22 адам иіс тиіп уланды, өкінішке орай осы себептен 1 азамат қайтыс болды.

«Айта кету қажет, тіркелген өрттердің 76%-ы жеке тұрғын үй секторында орын алған (86 дерек). Басты себептері: отты дұрыс пайдаланбау, электрқондырғыларды, пешті қолдану барысында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау. Оқыс жағдайлардың алдын алу үшін департамент мамандары тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады. Жыл басынан бері құтқарушылар 36 мыңға жуық жеке тұрғын үйді аралап, жаднама қағаздарын таратқан», – дейді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Растихин.