2023 жылы СҚО өңдеу өнеркәсібі саласында 13 жоба іске асырылмақ. Бұл үшін 57,4 млрд теңге қарастырылған. Нәтижесінде, 1000-ға жуық жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Инвестициялық жобаларды іске асыру туралы облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Садықов өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Алдағы уақытта «Масло-Дел» серіктестігінің май экстракциялау зауыты бой көтереді. Жоба құны 23 млрд теңге. Өндіріс ошағында 217 тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Кәсіпорын қуаттылығы жағынан Орталық Азиядағы ең ірі зауыттардың біріне айналады. Ал ресейлік «ДуПра» компаниясы Мамлютка қаласында шыны бұйымдарын жасауды қолға алмақшы. Нысан бұрынғы машина жасау зауытының бос тұрған ғимаратында орын теппек. «4 млрд. теңге көлемінде инвестиция құйылды. Осының арқасында 200 тұрақты жұмыс орны ашылады. Жуық арада қаңырап тұрған нысанды қалпына келтіру жұмыстары басталады. Бұдан бөл