Петропавлда мас күйінде аялдама әйнегін сындырған тұрғын 5 тәулікке әкімшілік қамаға алынды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. 21 жастағы петропавлдық мас күйде 20 шағын аудандағы аялдама кешенінің әйнегін әдейі сындырған. Сол үшін 5 күнге қамалды. Жалпы жыл басынан бері облыс орталығында аялдама павильондарының зақымдануының 6 фактісі тіркелді. Осы ретте полицейлер құқық бұзушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. «Бұған дейін мұндай құқық бұзушылықтар ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша сараланатын. Алайда 2023 жылғы 7 наурыздан бастап заңнамада бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін жауапкершілікті көздейтін жаңа норма қолданысқа енгізілді. Енді ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабына (Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру) сәйкес мұндай әрекеттерді жасағаны үшін жауапкершілік 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5 тәуліктен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуды көздейді. Ұсақ бұзақылық қайта жасалған жағдайда 15 тәуліктен 30 тәулікке
Петропавлда аялдама әйнегін сындырған 21 жастағы тұрғын қамауға алынды
28 марта 202328 мар 2023
~1 мин