Көктем шаһардағы Сүтішев көшесі, 18 мекен жайы бойынша орналасқан көпқабатты тұрғын үй тұрғындарын әбігерге салды. Былтыр қазан айында баспананың шатыры жөнделген. Бірақ суағарлар орнатылмапты. Салдарынан тұрғын үйдің қабырғалары үгітіліп жатыр. Тұрғындармен Qazaqstan Media тілшісі тілдесіп қайтты. К. Сүтішев көшесі бойында орналасқан 18-ші үйдің қабырғасы 1984 жылы қаланған. Бүгіндері 105 пәтерлі баспананың шатыры әбден тозып, былтыр 5-ші қабатта тұратын тұрғындардың үйіне су кірген. Үйдің шатырын «Нұрсейітов» серіктестігі 2021 жылы жаңартуы тиіс еді. Алайда олар іске тек өткен жылдың қазан айында ғана кіріскен. Күрделі жөндеу жұмыстары «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 73 млн 504 мың теңгеге жүргізілді. «Екі жылдан бері осы шатырмен арпалысып жүрміз. Уәде береді, бірақ орындамайды. Шатырды жөндеп берді. Бірақ олқылықтар өте көп. Шатырдан су ағатын құбырлар жоқ. Қалалық әкімдікке де жүгіндік. Еш пайда жоқ. Ал «Нұрсейітов» серіктестігі тек ақша жоқ деген сылтау айтады», – де