Найти тему
Qazaqstan Media

Түзету мекемесінде адам өлтірген қылмыскерге қатысты сот үкімі шықты

Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында орналасқан түзету мекемесінде жазасын өтеп жүріп адамды балтамен ұрып өлтірген қылмыскерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, 2022-ші жылдың 9-шы қарашасында таңғы 05:57-де Айыртау ауданы Новоукраинка елді мекеніндегі қылмыстық-атқару жүйесінің №51 мекемесінде 1976-шы және 1994-ші жылы туған сотталғандар арасында жанжал шыққан. Оның арты төбелеске ұласып, 28 жасар азамат қарсыласын балтамен ұрғылаған. Қан-жоса болған 46 жастағы жазасын өтеуші Айыртау ауданының ауруханасына жеткізіледі. Алайда алған жарақатынан есін жимастан қайтыс болды.

Бүгін СҚО-ның қылмыстық істер бойынша ауданаралық соты ауыр қылмыс жасаған азаматқа қатысты үкім шығарды.

«Сот үкімімен 1994-ші жылы туған Пешковқа ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-шы бабы 1-ші тармағына сәйкес12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Үкімдердің жиынтығы бойынша бұрынғы жазаның өтелмеген бөлігі ішінара қосылып, 14 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жаза қарастырылған», — деп мәлімдеді СҚО Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әбдікаххар Еркебаев.

Айта кеткен жөн, 2020-шы жылы Пешков дәл осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.