Найти тему
Qazaqstan Media

Солтүстікқазақстандық аяқдопшылар ел чемпионатында жүлдеге ие болды

Футзалдан Семей қаласында өткен ел чемпионатында солтүстікқазақстандық команда үшінші орынға ие болды. Есту қабілеті нашар жандардан құралған топ – «Үміт» спорт клубының мүшелері, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Семейде өткен ел біріншілігіне Қазақстанның барлық облыстарының спортшылары қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша теріскейліктер үшінші орынға табан тіреді. Оларға кубок пен сыйлықтар табыс етілді. Ал екінші орын алматылықтардың еншісінде болса, Шымкент қаласының ойыншылары үздік атанды.