Биыл 500 мыңнан астам көпбалалы отбасыға мемлекеттік жәрдемақы берілді. Қаражаттың жалпы сомасы 66,9 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Мемлекеттік жәрдемақы 4 және одан да көп баласы немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері бар отбасыларға беріледі. Ата-аналардың табысы бұл жерде қаралмайды. Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді. Көпбалалы отбасыларындағы: – 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге; – 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге; – 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге; – 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге; – 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 13 800 теңге мөлшерінде төленеді. Қаперге салсақ, осы жылы қаңтардың бірінен бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5%-ға артты.
Биыл 500 мыңнан астам көпбалалы отбасыға мемлекеттік жәрдемақы берілді
27 марта 202327 мар 2023
~1 мин