Найти в Дзене
Qazaqstan Media

«Семейный» сауда үйінен тағы да өрт шықты

Петропавлдағы «Семейный» сауда үйіне бүгін тағы да өрт сөндірушілер шақыртылды. Нысанның бірінші қабаты түтіндеген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

С. Мұқанов көшесі 53 мекен жайында орналасқан «Семейный» сауда үйінде бүгін тағы да оқыс оқиға орын алды. Нысанның бірінші қабаты түтінге оранған. Оқиға орнына дереу, өрт сөндірушілер жеткен.

«Белгілі болғандай, сауда орталығындағы 6 бутикте сымдардың қысқа тұйықталуының кесірінен түтін шыққан. Өрт сөндірушілер келгенше, сол жердегі жұмысшылардың өздері жағдайды реттеген. Соның арқасында өрт оқиғасы тіркелмеді. Дегенмен, біздің мамандар нысанды тағы бір қарап өтті. Айтарлықтай қауіп жоқ», – деп мәлімдеді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, сауда орнында бұл тіркеліп отырған алғашқы оқыс оқиға емес. Қаңтар айында ғана мұнда өрт шығып, барлық адамдар эвакуацияланған еді.