Алдағы уақытта елімізде балаларға арналған 50 оқу-сауықтыру және 100 ірі ойын-сауық орталығын салу жоспарланып отыр. Шәкірттерді мектептен тыс жұмыстармен, балалардың шығармашылық және зияткерлік дамуына арналған ірі орталықтар ашу мәселелері ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгіновтің төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда оқушылардың шығармашылық және зияткерлік дамуына, білім алып, жақсы демалуына, бос уақытын пайдалы өткізуіне арналған нысандар тұрғызу немесе ескілерін реконструкциялау бойынша жұмыстар жанданып жатыр. Еліміздің Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, қазір бізде балаларға арналған 218 сауықтыру орталығы жұмыс істейді. Олардың 120-сы – мемлекеттік, 98-і – жеке меншік. «2027 жылға дейін барлық облыста заманауи оқу-сауықтыру орталықтары ашылмақ. Олардың ашылуы балаларды қамту көрсеткішін айтарлықтай ұлғайтатын болады. Жазғы орталықтардағы көрсеткіш жыл сайын 25%-ға өс
Елімізде балаларға арналған оқу-сауықтыру орталықтары ашылады
27 марта 202327 мар 2023
1 мин