Қазіргі заманда тек бір табыс көзіне сеніп отыруға болмайды. Жұмыстан қысқарту, айлық кешігуі, денсаулық деген сияқты себептерге байланысты бірнеше табыс көзі болғаны дұрыс. Бұл каналда қосымша табыс көздері, онлайн жасауға болатын жұмыстар, бизнес идеялар, табыс көзіне айналдыруға болатын хоббилер, қабілеттер туралы жазамыз. Интернет пен технологияның қарқынды дамуының арқасында көптеген мүмкіндіктер ашылуда. Соның ішінде интернет арқылы ақша табуға да көптеген мүмкіндіктер ашылуда. Бұл постта табыс көзіне айналдыруға болатын идеялар топтамасын жазатын боламыз. Курс жасау және сату Ол үшін мұғалімнің дипломы қажет емес. Кез келген адам басқалардан жақсырақ білетін нәрсесін үйрете алады. Қолыңыздан не келетінін ойлап көріңіз. Қандай қабілетіңізге байланысты көп адам хабарласады. Сол сіздің үйрете алатын нишаңыз. Камераны қосып, сол тақырыпты түсіндірсеңіз болады, немесе слайдтармен түсіндірсеңіз болады. Дайын видеоларды youtube немесе udemy сияқты платформаларға жүктеп, курсыңызды сат