Облыс орталығында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ойқала ықшам ауданындағы үйлердің маңында өскен қамыс шабылып жатыр. Жалпы бұл жұмыс қаланың басқа да аудандарында іске асырылмақ. Шамамен 250 гектар жерде қураған шөп шабылмақ, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Қалалық төтенше жағдайлар басқармасы мамандарының сөзінше, құрғақ шөп жанып, қызыл жалынның жеке тұрғын үйлерге тарап кету фактілері жиі кездеседі. Былтыр ондай 3 оқиға тіркелген. Мәселен, Қапай шағын ауданында қоқыс тастайтын орын өртеніп салдарынан, 3 үй толығымен күйіп кеткен. Өйткені, шөп уақытылы шабылмайды. Ал оны өртеген тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Былтыр мұндай 100-ден астам адам анықталды. «Жеке тұрғын үйлердің маңындағы құрғақ шөпті күйдірген азаматтар ҚР-ның Әкімшілік құқықтық кодексінің 410 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Мұнымен қоса, кейбір тұлғаларға 336-шы бапқа сәйкес 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін»,-дейді қалалық төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері