Петропавлдағы аты-шулы жылу электр орталығында жаңа мұржаны салу жұмыстары басталды. Іске жергілікті «Строй центр Арсенал» ЖШС жауапты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. «Севказэнерго» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, мұржаның биіктігі-180, диаметрі нөлдік белгіде 20,52 метрді құрайтын болады. «Строй центр Aрсенал» ЖШС 31 мaмырға дейін іргетасын қалауы тиіс. Ал 1 маусымнан бастап іске «КазтеплoСПЕЦСТРОЙ» ЖШС кiрісіп, түтін мұржасын көтерeді. Осы жылы жоспарға сәйкeс нысанның темірбетон діңгегін толық көтеру қажет. Ал №1 жаңа мұpжа келер жылы жазда іске қосылатын болaды», – деп хабарлады баспасөз қызметі. Қазір жаңа мұржаның іргетасы қаланып жатыр. Алдағы уақытта арматуралық қаңқасы монтаждалып, негізі әзірленбек. Күн жылысымен темірбетон негізін құю жоспарланып отыр.
Петропавл жылу электр орталығында жаңа мұржаның құрылысы басталды
6 апреля 20236 апр 2023
~1 мин