Найти в Дзене
Qazaqstan Media

Есіл өзеніндегі су деңгейі 4,5 метрге көтерілді

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінің су деңгейі 1 күнде 4,5 метрге көтерілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өңір өзендеріндегі су деңгейі көтеріліп жатыр. Сергеевканың жанында Есіл өзенінің деңгейі бір тәулікте 294 см-ге жоғарылады. Крещенко ауылының маңында да су деңгейінің көтерілгені байқалды (4,5 метр). Тіршілік көзі арнасынан шығып, жан-жаққа жайылуда. Возвышенка ауылының маңындағы бекетте су деңгейі 295 см-ге жоғарылаған. Бұл – бір тәулік ішіндегі көрсеткіш. Ал Сергеев су қоймасының биіктігі 102 см-ге жетіп қалды.