Найти тему
Qazaqstan Media

64 адам коронавирус жұқтырды

Соңғы тәулікте елімізде 64 адамның бойынан коронавирус белгілері табылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Коронавирус індетінің әлі де толықтай беті қайтпады. Өткен тәулікте 64 адам сырқаттанды. Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, бүгінде қауіпті індеттен 1854 адам емделуде. Оның 173-і стационарда, 1 681 пациент амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. Коронавирусқа шалдыққан 5 азаматтың жағдайы ауыр деп бағалануда.