Добавить в корзинуПозвонить
Найти в Дзене
Qazaqstan Media

СҚО-да инфляция мөлшері 18,9% құрады

Ұлттық статистика бюросы СҚО бойынша департаменті облыста 1 жылда инфляция мөлшері 18,9% құрағанын жариялады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Бағалар 2023 жылғы наурызда өткен наурызбен салыстырғанда, азық-түлік тауарларына – 20,5%, азық-түлік емес тауарларға – 19,1, ақылы қызметтерге – 16,2% өскен. 1 жыл ішінде әсіресе тоқаш және ұннан дайындалған кондитер өнімдері қымбаттап кеткен. Өсім 43,4%-ды құрайды. Шайдың құны – 36,3, жармалар – 32,4, кондитер өнімдері – 30,7, макарон өнімдері – 29,9, сүт өнімдері 26,4%-ға көтерілді. Сонымен қатар, алкогольсіз сусындардың бағасы – 24,7, ұн – 20%, ет– 16,9, шұжықтардыкі 16,4%-ға қымбаттағаны байқалады. Жемістердің бағасы да өзгеріп, 16,2% -ға өсті. Алайда, баға жаңа піскен көкөністерге 2,9%, қырыққабатқа – 57,8%, сәбізге – 24,2, картопқа – 16,4, қызылшаға – 8,6%-ға төмендеді. «Бағалар өсімі 2023 жылғы наурызда (2022 жылғы наурызға қарағанда) отын және майлағыш материалдарға – 42,5%, жуу және тазалау құралдарына – 40,3, тұрғын үй-жайға қы

Ұлттық статистика бюросы СҚО бойынша департаменті облыста 1 жылда инфляция мөлшері 18,9% құрағанын жариялады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бағалар 2023 жылғы наурызда өткен наурызбен салыстырғанда, азық-түлік тауарларына – 20,5%, азық-түлік емес тауарларға – 19,1, ақылы қызметтерге – 16,2% өскен. 1 жыл ішінде әсіресе тоқаш және ұннан дайындалған кондитер өнімдері қымбаттап кеткен. Өсім 43,4%-ды құрайды. Шайдың құны – 36,3, жармалар – 32,4, кондитер өнімдері – 30,7, макарон өнімдері – 29,9, сүт өнімдері 26,4%-ға көтерілді. Сонымен қатар, алкогольсіз сусындардың бағасы – 24,7, ұн – 20%, ет– 16,9, шұжықтардыкі 16,4%-ға қымбаттағаны байқалады. Жемістердің бағасы да өзгеріп, 16,2% -ға өсті. Алайда, баға жаңа піскен көкөністерге 2,9%, қырыққабатқа – 57,8%, сәбізге – 24,2, картопқа – 16,4, қызылшаға – 8,6%-ға төмендеді.

«Бағалар өсімі 2023 жылғы наурызда (2022 жылғы наурызға қарағанда) отын және майлағыш материалдарға – 42,5%, жуу және тазалау құралдарына – 40,3, тұрғын үй-жайға қызмет көрсету және жөндеуге арналған материалдарға – 24,5, киім және аяқ киімге – 18,5, фармацевтикалық өнімдерге – 15,7% құрады», – деп жариялады Ұлттық статистика бюросы СҚО департаментінің баспасөз қызметі.

Жылдық есептеумен алғанда, қоғамдық тамақтандыру қызметтерінің бағасы – 34,9%, тұрғын үй-жайларға қызмет көрсету жөндеу бойынша қызметтер бағасы – 32,2, шаштараз және жеке қызмет көрсету мекемелері қызметтерінің бағасы – 20,2% өсті.