Петропавлдағы Жұмысшы кентінің шетінде скотчпен оралған қара кенеп қапшық табылды. ҰҚК және ҚАЖ департаментінің мамандары анықтаған дүниенің ішінде шолақ аңшы мылтығы, болжам бойынша «Байкал» маркалы тапанша, белгісіз маркалы револьвер, РГД-5 гранатасының муляжі болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Бұдан басқа, тегіс ұңғылы және иір ойықты қарудың оқ-дәрілері табылған: 7,62 мм 30 патрон, 16-шы калибрлі 53 патрон, 12-ші калибрлі 2 патрон, 5,6 мм 6 патрон, 9 мм 145 патрон. «Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қару мен оқ-дәрілер тәркіленіп алынды. Олар сот-баллистикалық сараптамасына жіберіліп, атуға жарымдылығы және қылмыс жасауға қатысы бар-жоғы тексеріледі», – деп жариялады СҚО ПД баспасөз қызметі. Қазір қару мен оқ-дәрілерді заңсыз пайдаланған адам іздестірілуде. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, табылған жанға ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша 5 мың айлық есептік көрсеткішке д