Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы жақындаған сайын әр нәзікжанды мерекелік ас мәзірін ойластырады. Осы ретте, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары өнімнің жарамдылық мерзіміне, түр-түсіне, иісіне, жалпы тұрған жерінің санитарлық жағдайына аса мән беру керектігін еске салады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Азық-түлікті таңдай білудің де маңызы зор. Яғни, рұқсат етілмеген сауда орындарынан, не кездейсоқ адамдардан алынған өнім денсаулыққа қауіп төндіруі әбден мүмкін. Әсіресе, сүт, ет, жұмыртқа, көкөніс, кондитерлік тауарларды сатып аларда сақ болу қажет. Майонез және қаймақ қосылған салаттарды тұтынарда абай болған жөн. Бұдан бөлек, ұшынып қалмас үшін ас үйдегі тазалық ережелерін сақтаған абзал. «Үйде мерекелік тағамдарды дайындаған кезде, ең алдымен, қолдың, ас үй жабдықтарының, үй-жайлардың тазалығын қадағалаңыз. Шикі тағамдар мен дайын тағамдарды бөлек сақтаңыз, оларды өңдеу үшін бөлек пышақтар мен әртүрлі кесу тақталарын қолданған дұрыс.
Санитар мамандар мереке күні тамақ дайындарда сақ болуға шақырады
20 марта 202320 мар 2023
1 мин