Бүгін Солтүстік Қазақстан облысында жел күшейеді. Осыған байланысты тұрғындарға ескерту жарияланды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Күндіз өңірдің солтүстігінде оңтүстік-батыстан екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Петропавлда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні де секундына 15-20 метр шамасында болмақ. Сонымен қатар, бүгін еліміздің тағы 3 өңірінде ауа райы бұзылуы мүмкін. Ол жақтарда да ескерту жарияланды. Наурыздың 20-сы елордада тұман түседі деген болжам бар.