Жетісу облысы Ескелді ауданы тұрғындарының жергілікті «Хильниченко В.П.» шаруа қожалығымен текетіресі әлі де аяқталар емес. Тұрғындар аталған шаруа қожалығы халықтың пайларын заңсыз иемденіп, салдарынан аймақта мал жаятын орын тапшы деп кінәлауда. Ал әкімдік болса, аталған жерді шаруа қожалығының әрекеті заңға қайшы емес деп ақталуда, деп хабарлайды Agroqogam.kz. Ескелді ауданының тұрғындары жергілікті шаруа қожалығымен жылдар бойы күресуде. Олар тоқсаныншы жылдардың соңында жерін кәсіпкер заңсыз иемденіп алғанын айтады. Тіпті шаруа қожалығы қожалық жерімен өтетін Қаратал өзенінің жағалауын оған халық бара алмайтындай етіп қоршап алған, дейді олар. «Бұл – халықтың жері. Кезінде біз бұл өзеннің бойында демалып, саңырауқұлақ тергенбіз. Қазір Қараталды балаларымызға да көрсете алмаймыз», – дейді халық. Олар желіде арнайы видео жазып, биліктегілерге үндеу жасады. «Жер жоқ, жердің бәрі заңсыз бөлінген. 11 мың гектар жері бар қожалық иесінің. Бүкіл колхоздың бәрін өзіне аударып алған, халықт
Шаруа қожалығы мен ауыл тұрғындары арасындағы дау қашан бітеді
20 марта 202320 мар 2023
1 мин