Петропавлда коммуналдық мекеменің қызметкері Болатбек Кәрімов жұмыс күні уақыт тауып, Юрий Гагарин атындағы №14 орта мектепте орналасқан №574 сайлау учаскесіне трактормен келіп, өз дауысын берді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Солтүстікқазақстандықтар ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауында белсенділік танытып жатыр. Конситутциялық құқығын пайдаланғандардың бірі – қала тазалығын қамтамасыз етіп жүрген коммуналдық шаруашылық қызметкері Болатбек Кәрімов. Тракторды 20 жыл тізгіндеп келе жатқан ол, жұмыс уақытына қарамастан өз сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. «Шынымды айтсам көңіл күйім көтеріңкі. Қуанышты сезімде тұрмын. Себебі, елім мен халқымның оның ішінде өзім мен бала-шағамның жарқын болашағы үшін дауыс беріп, өз таңдауымды жасадым. Елге депутаттар қажет. Олар билік пен қарапайым халықты біріктіріп тұрған көпір іспеттес. Олар біздің мәселелерімізді жоғары жаққа жеткізіп, шешімін табуға көмек көрсетеді», – дейді коммуна