ҚР Орталық сайлау комиссиясы сағат 12.10-дағы жағдай бойынша сайлауға қатысу көрсеткіші туралы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Сағат 12.00-ге дейін учаскелерге тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санынан сайлаушылардың 30,65% дауыс беруге келді. Аймақтар бойынша сайлаушылардың келуі келесідей: Абай облысы – 33,58% Ақмола облысы – 33,63% Ақтөбе облысы – 33,18% Алматы облысы – 34,41% Атырау облысы – 30,66% Шығыс Қазақстан облысы – 34,16% Жамбыл облысы – 35,82% Жетісу облысы – 33,15% Батыс Қазақстан облысы – 33,61% Қарағанды облысы – 34,19% Қостанай облысы – 37,39% Қызылорда облысы – 32,78% Маңғыстау облысы – 32,43% Павлодар облысы – 34,26% Солтүстік Қазақстан облысы – 32,81% Ұлытау облысы – 34,61% Түркістан облысы – 38,29% Астана қаласы – 23,35% Алматы қаласы – 11,25% Шымкент қаласы – 19,63%.