Найти в Дзене
Qazaqstan Media

Өңір жетекшісі мен қала әкімі алғашқылардың бірі болып дауыс берді

Өңір жетекшісі Айдарбек Сапаров пен қала әкімі Руслан Аңбаев Петропавлдағы №595 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

-2

Балалар шығармашылығы орталығында орналасқан №595 сайлау учаскесіне 1338 адам тіркелген. Таңғы сағат 7:00-де ашылған учаскеге ағылған тұрғындардың басым бөлігі зейнеткерлер. Алғашқылардың бірі болып мұнда өңір жетекшісі Айдарбек Сапаров келіп, дауыс берді.

-3

Сайлаудың заң талаптарына сай өтуін 4 бақылаушы қадағалауда. Бұдан бөлек, бұл жерде бүгін 5 адам алғаш рет дауыс бермек.

«Біздің сайлау учаскемізге 10 тыл еңбеккері тіркелген. Сонымен қатар 2 адам үйден дауыс беруге өтініш білдірді. Мамандарымыз бұл тұрғындарға жылжымалы жәшікпен барып, оларға конституциялық құқықтарын пайдалануға бар жағдай жасайды. Мұнымен қоса, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы кабинка әзірледік», – дейді №595 сайлау учаскесінің төрағасы Қанат Сәдуақас.

Сайлау учаскесіне келіп өз таңдауын қала әкімі Руслан Аңбаев та жасады.

-4

Бұдан бөлек сайлау учаскесінде тұрғындар үшін жәрмеңке ұйымдастырылды. Дауыс беруге келген азаматтар арзандатылған бағамен азық-түлік сатып алу мүмкіндігіне ие болды.