Найти в Дзене
Qazaqstan Media

Елімізде сайлау учаскелері өз жұмысын бастады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Осыған орай облыста 631 сайлау учаскесі құрылып, сағат 7:00-де өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Аққайыңдар өлкесінен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына 10 адам өз кандатурасын ұсынды. Ал бір мандатты аумақтық облыстық мәслихатқа 15 округ бойынша – 53, 18 округ бойынша да тура осынша үміткер тіркелді. Аудандық мәслихаттың депуттатығына кандидаттардың саны – 450. Бұл көрсеткіш – 145 округ бойынша. Тіркелген 556 үміткердің 325-і ер, 231-і әйел адам. Жалпы, бүгін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 631 сайлау учаскесі ашылды. Оның 97-сі -Петропавлда. Дауыс берушілер саны 384 мыңнан асады.